Сабақты талдау үлгiсi
I ҮДМ талдау (сабақтың үшбiрыңғай дидактикалық мақсаты)
- ҮДМ қалыптастырудың нақты,қысқа, қарапайымдылығын анықтау, оған соңғы нәтиже берiлдi ме (неге жету керек, ненi үйрету керек, ненi үйрену керек)
- Берiлген сабақ мақсатының қандай байланысы тақырыптың жалпы мақсатында бар екендiгiн анықтау;
- Мұғалiм өзiндегi мақсатты сезiну дәрежесiн анықтау;
- Үшбiрыңғай дидактикалық мақсаттағы бiлiм аспектiсiмен тәрбиелеу және дамыту аспектiснiң сәйкестiгiн анықтау;
- Оқушылар үшiн сабақ мақсатының қай шамада түсiнiктi және жете қалыптастырылғанын бағалау, олар оны түсiндi ме, сезiндi ме?
II Оқу материалының мазмұнын талдау
- Оқу бағдарламасының талабына сай оқу материалының сәйкестiлiгiн анықтау;
- Оның ұтымдылығын , бiрiздiлiгiн, орналасуын, байланыстылығын анықтау, өткен тақырыпқа кейiнгi түсiнiктiң тiрегi;
- Материалды қарауда басты ойды көрсету мүмкiндiгi берiлдi ме, соны қарау керек;
- Оқу материалы мазмұнының мүмкiндiк деңгейiн анықтау;
- қарапайымдылық;
- түсiнiктiлiк;
- жеңiлдiктiң болмауы,
- қиындықтың мүмкiндiк деңгейi;
● Берiлген оқу материалына тәрбиелiк мүмкiндiктi енгiзу;
● Оқушыларды дамыту үшiн оқу материалы мазмұнының мүмкiндiгiн қарау, берiлген оқу материалының негiзiнде ҮДМ дамыту аспектiсiне қандай жолмен жетуге болады?
● Оқу материалындағы теориялық бөлiмнiң практикалық бөлiммен байланысын анықтау немесе керiсiнше;
● Оқу материалының көңiлге қонымдылығын анықтау;
- жалпы мен жекенiң сәйкестiлiгiн;
- терминологияның бiрұғымдылығын,
- қайталаудың болмауы;
● Оқу материалының тұтастылық, байланыстылық мазмұнына баға беру;
● Жалпы бiлiм мен кәсiби даярлаудың бiр – бiрiмен байланысын бағалау мазмұн бойынша пәнаралық байланыс (проблемалық жағдай туғызу үшiн тiрек есебiнде аралас пән бойынша бiлiмдi пайдалану, өндiрiстiк мазмұнмен мәтiндердi және тапсырмаларды пайдалану)
● Сабақтың ақпараттық кеңiстiгiн бағалау, материалдың жеткiлiктi (тиiмдi) көлемi,әр түрлi бiлiм көздерiн пайдалану, ОТҚ дидактикалық материалдар (қай кезеңде және қандай мақсатпен)
III Оқыту әдiсi
● Қандай жалпы оқыту әдiстерi пайдаланылды және олардың педагогикалық мақсаттылығы;
● Осы әдiстердi пайдалану кезiнде мұғалiмдер мен оқушылардың iс - әрекетiнiң сипаттамасы қандай;
● Оқушылардың танымдылық iс - әрекетi активизация әдiсiн бағалау (реппродуктивтi, продуктивтi, жиi iздену, проблемалық, зерттеушiлiк)
● Оқу материалының мазмұнына оқыту әдiсiнiң сәйкестiлiгiн оны меңгертудегi қажеттi жүйенi қамтамасыз етудi айқындау;
● Топтағы оқушылардың мүмкiншiлiктерiне шынайы оқыту әдiсiнiң қаншалықты сәйкес келетiндiгiн анықтау;
● Мұғалiмнiң осы әдiстiң жүйесiн пайдалану кезiнде алынған оқушылардың бiлiмiн талдау арқылы әдiстiң нәтижелiлiгiн анықтау;
IV Мұғалiмнiң қызметi
● Мұғалiм қызметiнiң сипаттамасын анықтау, информатор мұғалiм немесе танымдылық процесiн ұйымдастырушы
● Сабақта оқушылармен қайта байланыс болды ма, оның тиiмдiлiгi
● Мұғалiмнiң сөз сапасы (тиiмдiлiк қарқыны, дауыс мәнерi, бейнелiк, сезiмдiк)
● Оқушылардың iс - әрекетi мен сабақты басқару стилiнiң дұрыс таңдауына және оқушыларға деген қарым – қатынасы бойынша мұғалiм ұстанымы;
● Сабаққа тәрбиенiң әсерi:
- оқу материалы мазмұнына тәрбиелiк мүмкiншiлiктердi пайдалану
- мұғалiм тұлғасының тәрбиелiк мағынасы және оның сабақтағы қызметi,
V Сабақтағы оқушылар қызметi
● Танымдылық қызметке оқушыларды қосу;
● Бiлiм актуализациясы (оқу материалында басты ойдың бiлiктiлiгiн көрсету, салыстыру, жалпылау, талдау)
● Сабақта оқушылардың өзiндiк дәрежесi;
● Ұжымдық жұмыстың, қарым – қатынастың қызметтестiк дағдысын дамыту
● Оқушыларға оқу жүктемесiнiң, оқу еңбек мәдениетiнiң жеткiлiктiлiгi
VI Үй тапсырмасы
● Сабақтағы үй тапсырмасының ұтымдылығы;
● Үй тапсырмасын орындаудағы түсiндiрме сапасының болуы;
● Үй тапсырмасының қандай түрi ұсынылды (мiндеттi,таңдау бойынша, өз еркiмен, озық, шығармашылық, дифференциалдық)
●Үй тапсырмасы мазмұнындағы басты ойға бағдар жасау
VII Сабақ бойынша жалпы тұжырымдама
● Сабақ мақсатына жеттi
● Сабақ мақсатына жеткен жоқ
● Сабақ мақсатына жартылай жеттi
VIII Сабақ әдiстемесiнде (технологиясында) шеберлiктi жетiлдiру, сабақты дидактикамен қамтамасыз ету, ақпарат кеңiстiгiн кеңейту, оқушылардың танымдылық қызметiн ұйымдастыру бойынша мұғалiмге ұсыныс.
|